Қоғамдық орында тазалық сақтамаған тұрғын жауапқа тартылды. Түркістан облысының полицейлері қала тазалығын сақтау мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Кезекті рейд барысында Кентау қаласының 43 жастағы тұрғыны қоғамдық орында шемішке шағып, айналаны ластағаны үшін анықталды. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыға ескерту жасап, әкімшілік шара қолданды. Жалпы жыл басынан бері Кентауда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 345 дерек тіркелген. Полиция қызметкерлері тұрғындарды тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады.