Қазақстан аумағында қылмыс жасап, шетелге қашып кеткен 80 күдікті анықталды. Олардың 47-сі ұсталып, қамауға алынған.


 Мәселен, Тбилиси қаласында көлік алып беремін деп азаматтарды алдап, 118 миллион теңге көлемінде шығын келтірген алаяқ құрықталды. Ал Молдова аумағында Қарағандыдағы есірткі зертханасын қаржыландырып келген азамат ұсталды. Бұған дейін аталған зертхана жойылып, заңсыз айналымнан есірткі заттары, жабдықтар мен прекурсорлар тәркіленген болатын. Қазіргі таңда күдіктілерді елге экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, шетелде қылмыс жасап, Қазақстанға қашып келген 371 күдікті анықталған. Жедел іздестіру шаралары барысында олардың 107-сі қолға түскен.