Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі Шымкент әкімдігінде өткен арнайы комиссия отырысында талқыланды. Жиында жасөспірімдердің амандығына қатысты бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
Отырыста білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау жұмыстарының тиімділігі сараланып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сауықтыру лагерьлерімен қамту және олардың жұмысына бақылауды күшейту мәселелері қаралды. Мамандар судағы және өрт кезіндегі қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы санитариялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланып, профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ аудандық деңгейде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар құру мәселесі де көтерілді.