Шымкенттегі Мұз сарайы жаңарып жатыр. Нысанда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимарат шатырының гидрооқшаулау және жылуоқшаулау жұмыстарының 95 пайызы аяқталған.


Жөндеудің келесі кезеңінде ғимараттың ішкі бөліктері жаңартылады. Уақыт өте тозған бетон жабындары толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай қайта төселмек. Сондай-ақ инженерлік жүйелер жаңартылып, спортшылар мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Айта кетейік, Мұз сарайы пайдалануға берілгеннен бері мұндай көлемдегі жөндеу алғаш рет қолға алынып отыр. Нысан мемлекеттік меншікке қайтарылғаннан кейін оны кешенді жаңғырту туралы шешім қабылданған. Жұмыстар толық аяқталған соң Мұз сарайы қауіпсіздігі жоғары, заманауи талаптарға сай спорт нысаны ретінде қызмет көрсетеді.