Шымкентте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған үздік бейнероликтер байқауының қорытындысы жарияланды. Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатысып, 70-тен астам жұмыс ұсынылған. Әр бейнероликтің мазмұны әртүрлі: бірінде әсіре діншілдіктің қаупі көрсетілсе, енді бірінде теріс білімнің зардабы баяндалады.
Байқауға түскен 70-тен астам жұмыстың ішінен мазмұны мен сапасы жоғары 11 бейнеролик финалға жолдама алды. Қазылар алқасы бағалау кезінде қысқаметражды фильмдердің мазмұнына, зайырлы құндылықтар мен толеранттылық қағидаттарына ерекше мән берді.
ШАЛҚАР БЕРІКБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ДІН БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Міндетті түрде зайырлы мемлекет болғандықтан, толеранттылық мәселесі, этносаралық қатынас, конфессиялық татулықты бүкіл тақырыптарды қамтыды.Бұл жерде тек дін мәселесі емес, заң мен тәртіпте, таза Қазақстанда. Таза Қазақстан деп елдің тазалығын ғана ойлайды. Жан адамының тазалығы, адамгершілк қасиеттері, жастар буынын тәрбиелеу болып табылады.
БАҚЫТЖАН ЖИЕНАЛЫ, КИНОРЕЖИССЕР, ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
– «Жыл өткен сайын жас буын шығып келе жатыр. Олардың талпынысы роликте байқалады.» «Подача деп жатамыз ғой. Сол жағынан қарағанда ЖОО студенттерінің жұмысы ұнады.»
Үздік деп танылған жұмыстардың бірі – Нұрислам Махамбеттің фильмі. Ол өз туындысында әсіре діншілдік пен теріс діни ағымдардың салдарын көрсеткен. Автор түсірілімге дейін жан-жақты дайындалып, мамандардан кеңес алған.
НҰРИСЛАМ МАХАМБЕТ, СТУДЕНТ, БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ
– «Біз фильмде екі түрлі нұсқаны көрсеттік. Біріншісі ҚМДБ ұсынған жол. Ол жолмен жүрсең адаспайсың. Ал екінші жол экстрисмистік бағыт. Бұл жолмен жүрсең тағдырыңа балта шабасың. Осыны түсіндіргіміз келді.»
Діни иммунитет қалыптастыруды көздейтін байқау алдағы уақытта да жалғасын табады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – жастарды қоғамдық тәртіпке шақырып, ел мүддесіне қызмет етуге баулу.