Білікті маман – ел дамуының басты капиталы. Осы бағытта жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, халықаралық талаптарға сай даярлығын бағалайтын WorldSkills Shymkent 2026 чемпионаты шаһарда қарқынды өтіп жатыр. Ауқымды додада қатысушылар заманауи технологияларды меңгеру деңгейін көрсетіп, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады. Біліктілердің басын қосқан байқау жайлы – келесі сюжетте.


 Политехникалық колледж қабырғасында өткен іріктеу студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді. Чемпионат барысында қатысушылар IT, автоматика, электроника, желілік технологиялар, веб-бағдарламалау және өндірістік бағыттар бойынша өз шеберліктерін сынап, сарапшылар бағалауынан өтті.


ДЭНИЭЛЬ ТҰРАРОВ, ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
«WorldSkills Shymkent 2026» өңірлік чемпионаты 8-12 маусым арасында 45 құзіреттілік бойынша өтіп жатыр.Оның ішінде біздің колледжде 10 құзіреттілік бойынша қатысып жатырмыз.8 құзіреттілік біздің колледждың базасында ал 2 құзіреттілік басқа колледжде өтіліп жатыр.


 Чемпионат – жастардың тек білімін сынайтын алаң ғана емес, болашақ маман ретінде қалыптасуына жол ашатын маңызды тәжірибе мектебі. Мұнда әр қатысушы өз мүмкіндігін көрсетіп, еңбек нарығына қажетті тәжірибе жинақтайды.


МЕЙІРБЕК АМАНОВ, ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ 2 КУРС СТУДЕНТІ
 «WorldSkills»Жобасы бойынша миксер болып жатыр,түрлі бояуларды бір біріне қосып басқа түстерді шығарып жатырмыз.Қазір біздің этапымызда автоматтарды қосу экрандарды қосу және жалғау барысын ұйымдастырудамыз.


Қатысушылардың жұмысын бағалау барысында сарапшылар әлемдік кәсіби стандарттарды негізге алады. Іріктеуден үздік шыққан жастар келесі кезеңге жолдама алып, өз шеберлігін халықаралық деңгейде дәлелдеуге мүмкіндік алады.