Интернет алаяқтық, заңсыз сауда, экология және жол қауіпсіздігі. Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылдық округінде өткен ашық кездесуде тұрғындарды толғандырған осы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
«Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында ұйымдастырылған жиында құқықбұзушылықтың алдын алу, жастар арасындағы қылмыстың жолын кесу және есірткіге қатысты заңсыз әрекеттермен күрес мәселелері көтерілді. Мамандар тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, көкейде жүрген сауалдарға жауап берді.
ЖАСҰЛАН ҚОНАРБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Қылымыстың алды алаяқтық қылмыстардың алдын-алу мақсатында, жастардың арасындағы қылмыстарды, сонымен қатар жазда көп жасалатын есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында осы жерде жиналып, шешімге келдік. Барлығына тапсырма берілді. Хаттама түзіледі.
Кездесу ресми баяндамалармен шектелмей, еркін пікір алмасу форматында жалғасты. Тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Әсіресе жол қауіпсіздігін күшейту, көлік қозғалысын бақылау және көшелердегі тәртіпті жақсарту мәселелері жиі көтерілді. Айтылған ұсыныстардың барлығы арнайы хаттамаға енгізілді.
ҚАЛАМҚАС ЕСЕНБЕКОВА, ШҰБАРСУ АУЫЛДЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Мынау қауіпсіздік шараларында машинаның қатты жүруіне байланысты белгілер, знактар қойылсын деп айтты. Соның оң нәтижесінде ауылдық жерде алпыстан асырмау, өзі алпыстық дәреже екенғой. Сол көрсеткіштен асырмауға заңда бекітілген екен. Осыны естіп қуанып қалдым.
Жауапты мамандар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Олардың айтуынша, тұрғындармен ашық диалог орнату қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.