Салық берешегінен жалтару енді қиындай түсті. Қарызды өндіріп алудың жаңа тетігі бойынша мемлекет берешекті борышкердің өзінен емес, оған ақша төлеуге міндетті серіктестерінен өндіре алады.


 Салықтық берешегі бар кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары арнайы талдау жүргізіп, олардың дебиторларын анықтайды. Яғни, борышкер компанияға ақша төлеуге міндетті тұлғалар мен ұйымдар тексеріледі. Егер бұл мәліметтер құжат жүзінде расталса, дебиторға ресми хабарлама жолданады. Осыдан кейін ол қаражатты борышкердің шотына емес, тікелей мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті болады. Мамандардың айтуынша, бұл тетік салықтық берешекті өндіріп алудың тиімді жолдарының бірі саналады және бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


 ӘСЕЛ ЕРГЕШОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Дебиторлық берешек расталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы дебиторға арнайы хабарлама жолдайды. Хабарламада дебитордың борышкер алдындағы қарыз сомасын тікелей бюджетке аудару қажеттілігі нақты көрсетіледі. Бұл шара – салықтық берешекті өтеудің ең тиімді тетіктерінің бірі. Тәжірибе көрсеткендей, осы әдіс арқылы көптеген салықтық қарыздар қысқарып, бюджетке қосымша түсімдер қамтамасыз етіліп жатыр.