«Әйел. Қоғам. Саясат». Аталған жоба аясында «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында әйелдер форумы өтті. Тағылымды жиынды Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Алтын Орда» қоры ұйымдастырды. Форум әйелдердің
Жиын қыз-келіншектердің жеке дамуы үшін жағдай жасауға арналған жалпы тәсілдерді әзірлеу үшін диалог алаңы болды. Әмина қажы әйелдердің кәсіби және жеке өміріндегі табыстарын шектейтін ескірген көзқарастардан арылудың маңыздылығын жиі атап өтті. Сонымен қатар әйелдердің ішкі әлеуетін ашып, оларды өз армандарына ұмтылуға, шабыттандыруға шақырды.
Мәселенің түйткілін көтеру мақсатында белсенді Меруерт Айтенова өзінің өмірлік тәжірибесінен әйелдерге қатысты біршама ойымен бөлісті. Олардың қоғамдағы рөлін қайта қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол әйелдерге қатысты стереотиптерді бұзудың және олардың құқықтары мен еркіндіктерін кеңейтудің қажеттілігін алға тартты.
Форумда Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, №23 мектеп лицейдің директоры Жанар Тойлыбаева да өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Саясатта, билікте қыз-келіншектердің басшылық лауазымдарда озат еңбек етіп жүргенін жеткізді. Әйелдердің білім, кәсіпкерлік, саясат, ғылым, және өнер салаларында белсенді болуын қолдау арқылы жалпы қоғамның прогресін қамтамасыз етудің маңызын түсіндірді. Қатысушылар әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және қоғамдағы стереотиптер туралы пікірлерге ерекше қызығушылық танытты.