Негізгі Жаңалықтар «МИЛЛИОНДАР БОПСАЛАДЫ» ДЕГЕН КҮДІКТІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

«МИЛЛИОНДАР БОПСАЛАДЫ» ДЕГЕН КҮДІКТІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

 Шымкентте бұрынғы орган қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды. Ауыр дәрежедегі қылмыс деп танылған істе күдікті жәбірленушілерден 9 миллион теңгеге жуық қаржы бопсалаған дейді.

Мемлекеттік айыптаушының ақпаратынша, пайдакүнемдік, заңсыз баю мақсатында күдікті А. есімді азамат ерлі-зайыптыдан қаржы бопсалаған. Өзін полиция департаментінде жұмыс істеймін деп таныстырып, алдау жолымен ақша талап еткен. Тіпті қоқан-лоққы көрсетіп, кездесуге тапанша мен гранат алып келді дейді жәбірленушілер. Сот отырысы бүгін басталып еді. Алайда, жиын жарыссөзсіз аяқталды. Оған себеп - тараптардың соттағы аудармашының кәсібиілігіне күмән туғызғаны. Осылайша, 5 айға созылған тергеу ісінде сот отырысы кейінге қалдырылды.


Бөлісу