Екі апта бұрын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, енді ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қылмыстық жаза қарастырылған.  Осы орайда қалалық прокуратура «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» және «Дәстүр және заң: қызды ұрлауға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қыз алып қашу – қазақ дәстүріндегі бар салт. Алайда, бұл қыздың өз келісімімен жүзеге асқан. Бүгінде нәзік жандыларды ұрлап әкетіп, некелесуге мәжбүрлейтіндер бар. Биыл Шымкентте қалыңдықтың келісімінсіз үйлену мақсатында қызды алып қашқан 1 адам сотпен кінәлі деп танылған. Оған сот үкіммен 4 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға тартылған.


Ержан Маратұлы, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары
- Қыз алып қашу бойынша Тұран ауданында бір факт тіркелген. Откен аптада Тенгри ньюздың жариялауы бойынша оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген делінген. Алайда үкім заңды күшіне енген жоқ.

 Зорлық зомбылыққа қатысты заңбұзушылық азайған. Жауаптылар осылай деп есеп берді. Отбасыдағы орын алатын қылмыстың көрсеткіші 49,2 пайыздан 7,4 пайызға дейін төмендеген.  Сондай-ақ  102 нөміріне отбасыдағы жан-жал туралы 1922 шақырту түскен.

Жиында қоғам белсенділері мен мәдениет қайраткерлері балаларға қамқорлық жасау, оның абыройы мен құқығын құрметтеу, бұл мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті екенін айтты.  Отырыс қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар құқық бұзушылықың алдын алуға қатысты бірқатар өздерінің ұсыныстарын айтып, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейтуге ат салысатынын атап өтті.