Жаңа заң күшіне енді. Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, жазаны күшейтті. Бұған дейін баласын ұрып, әйелін адам көрмейтіндер тек әкімшілік жазамен құтылып келсе, енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, аталған заң тек әйелдердің ғана емес, ерлердің де қауіпсіздігін теңдей қорғайды. Бөліп-жару   жоқ. Десек те тұрмыстағы зорлық-зобылықтың басты құрбаны - әйелдер мен балалар екені жасырын емес. Статистика осыны көрсетеді.
 Қанат Жолдасбек, тілші
 - Қазақстан гендірлік теңдік рейтінгінде 62 орында тұр. 2006 жылы 32-ші болған. 18 жылда 30 саты төмендепті.  Бұған әсер етуші фактор - әйелді құрметтемеу. Қосағана қол көтеріп, жұбына жұдырық жұмсайтындар енді 3 жылдан 8 жылға дейін бас бастандығынан айырылады.
– “Жаңа заңға сәйкес отбасын қолдау орталықтары ашылады. Және де осы колл центрлер құрылатын болады. Міндетті түрде осы отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағн азаматтар хабарласып айта алады. Және де тек қана азматтардың өздері ғана емес оған куә болған үшінші тарап та хабарлай алады.»
"Бұл қоғам тынышын алған дерт еді. Экс министрдің даулы соты жараның бетіне тұз сепкендей болды." Ел аузында "Салтанат заңы" деп  аталып жүрген қаулыға Шымкенттіктер осылай деп пікір білдірді.
 «Йә, мен заңды қолдаймын. Бірақ, тайақтың екі ұшы бар. Аталған заң кейбір отбасылардың айырылысып кетуіне сеп болуы мүмкін.» Бұл шеімді қолдаймын, 100 пайыз дұрыс. Нағыз  ер-азамат.. Әйел баласы негізінен нәзікжанды. Сондықтан қол көтеру дұрыс емес. Шешімді қолдаймын.» -  Қазіргі кезде еркектер өздеріне көп нәрсені дұрыс деп санайды ғой. Сондықтан әйелдер өз құқығын біліп, заңның қакбылданғаны.. Сонымен қатар балаларға байланысты қабылданғаны өте дұрыс деп ойлаймын.

Айналаңызда болып жатқан проблемаларға немқұрайлы қарамай, өзіндік үн қосыңыз. Бұл бірдің басындағы емес, жалпыға ортақ мәселе. Осылай деген Жаннетта Жазықбаева – зорлық-зомбылыққа қарсы күш біріктіріп, қоғам болып қарсы тұруға шақырды.

Жаннета Жазықбаева, Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау өкілі
 – «Немқұрайлы қоғам болып қарамауымыз керек. Болып жатқан жағдай.. Мына бала көшеде бір өзі жүр. Анасы жоқ қасында. Әй мына бала нағып жүр деп сәл де болса өзіміздің қазақи түрде назар аударуымыз керек. «Көрші келіншек көгеріп келді, не үшін көгерді? Жәйлап омен сөйлесіп, ашық түрде қолдау беріп..
Қанат Жолдасбек, тілші
- Соңғы бес жылға зер салсақ, тұрмыстық-зорлық-зомбылық фактілері жиілеп, екі есеге өскен. Салдарынан, 800 ден астам адам көз жұмып, 2000 мыңға жуығы ауыр жарақат алған. Айта кетейік, заңнамада басқа да өзгерістер көрсетілген. Мәселен, пефилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылса, суицидке итермелегендер 9 жылға сотталады.