«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютер саласындағы жетістіктер». Осындай атаумен Шымкентте  халықаралық конференция болып жатыр. «Спринджер» халықаралық ғылыми басылымының зерттеулеріне арналған жиынды Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университет ұжымы ұйымдастырды. Алқалы мәжіліске әлемнің әр қиырынан 300-ден аса еңбек жинақталды.

Адити Чарма Индонезияның білікті ғалымы. ІТ саласының профессоры. Ол Шымкентте өтіп жатқан 5-ші халықаралық жиынға алғаш рет қатысып отыр. Оның компьютер саласындағы жетістіктер мен ақпараттық технологияның болашақтағы мүмкіндіктері туралы еңбегі әлем ғалымдарының жоғары бағасына ие болған. Бүгінгі жиында ол өзінің баяндамасын осы тақырыпқа арнады.

 «Спринджер» халықаралық ғылыми басылымының зерттеулеріне арналған жиынға 300-ден астам еңбек жинақталды. Соның ішінен 80 мақала қатысушылар талқысына ұсынылды. Ауқымды жиын ғалымдардың зерттеу тақырыптарын бөлісетін орта ғана емес, ары қарай өнімді коллоборациялауға жол ашпақ.

Жиында «Мектептегі әлеуметтік педагогтің рөлі», «Кәсіпкерлікті дамыту үшін пән аралық байланыс» және «білім беру технологияларының синергиясы» тақырыптарында баяндама жасалды. Секциялық мәжілістерде еркін пікір алмасып, ең үздік мақалаға сертификат табыс етілді.