Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұратынын хабарлады.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 176 соғыс ардагері тұрады. Бір жыл бұрын елімізде 222 майдангер болған.Соның ішінде: Астанада – 7 адам; Шымкентте – 2-еу, Түркістан облысында – 11 адам тұрады. Ең көбі: Алматы қаласында – 44 адам;  Ең азы– Ақтөбе облысында 1 ғана ардагер. Айта кетейік, биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ. 2023 жылы Қазақстан соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің көлемі бойынша ТМД-ның барлық елін басып озды. Елімізде Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілді.