Түркістан облысында заңсыз жолмен шетелге асырылмақ болған 350 тонна дизель отыны тәркіленді. Бұл жағдай өңірде бірқатар жауапты мекемелер мен құзырлы органдардың қатысуымен өткен рейдтік шара кезінде анықталды. Түркістан облысында ер адам өз қызын зорлап, жүкті етті деген күдікпен қамауға алынды. Түркістан облысында мектеп жасындағы қызын зорлап, жүкті етті деген күдікпен ер адам ұсталды. Полицияға оқушының анасы арызданған.

Түркістан облысында заңсыз жолмен шетелге асырылмақ болған 350 тонна дизель отыны тәркіленді. Нәтижесінде 1 айдың ішінде 20-ға жуық хаттама толтырылып, 555 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жүргізіліп жатқан рейдтік шараның басты — мақсаты өңірде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау. Сонымен бірге көктемгі егіс науқаны кезінде шаруаларға аса қажет дизельдің заңсыз шекара асып кетуіне тосқауыл қою көзделген.

ӨЗ ҚЫЗЫН ЗОРЛАП, ЖҮКТІ ЕТТІ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысында мектеп жасындағы қызын зорлап, жүкті етті деген күдікпен ер адам ұсталды. Полицияға оқушының анасы арызданған. 50 жастағы ер адам 7 сыныпта оқитын өз қызын 2023 жылдың шілдесі мен қыркүйек айлары аралығында зорлады деген күдікке ілінген. Оқушы жүкті болып қалған. Жүктілік мерзімі – 27 апта. Түркістан облыстық Полиция департаменті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Барлық жағдай анықталуда. Ал кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған. Оған тиісті көмек көрсетілетін болады. Тергеу барысы Түркістан облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.