Әлемде өлім-жітімнің себеп-салдары бойынша жүрек аурулары бірінші қатарда тұр. Бұл тізімді оқыс оқиғадан бақилық болғандар және қатерлі ісіктен көз жұмғандар жалғайды. Ресми деректерге сүйенсек, онкологиялық аурудан айықпай, дүние салғандар жылдан-жылға көбеюде. Осыны біліп отырған әр елдің онкологтері қатерлі ісікті мейлінше ерте сатыда анықтап, науқасты емдеп жазудың тың тәсілдерін меңгеруге талпынуда.Шымкент қалалық онкологиялық орталықта осы бағытта шетелдік хирургтермен тәжірибе алмасу отасы сәтті өтті.

 Монғол-жапон клиникалық университетінің бөлім меңгерішісі бүгін 47 жастағы науқасқа жергілікті хирургтермен бірге ота жасады.Пуребатор Батиредуй онкологиялық аурулармен 2006 жылдан бері күресіп келеді. Кәсіби кейсінде үш мыңға жуық ота жасаған тәжірибесі бар. Дәл қазір жатыр тұсындағы миома ісігіне қарсы тағы бір операцияны аяқтап, пациентпен жылы тілдесіп жатыр. Білікті маман адамзатқа пайдалы болу- басты ұстанымым дейді.

ПУРЕБАТОР БАТИРЕДУЙ- МОНҒОЛ-ЖАПОН КЛИНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

- Мен бүгін осында келіп тәжірибе алмасып жатқаныма өте қуаныштымын. Қазір онкологиялық ауруларға пышақсыз, ине жіберу арқылы тиімді операциялар көптеп жасалына бастады.Бұл әдіс науқастардың өмір жасын ұзартуға да септігін тигізеді.Отадан соң есін тез жиып, тілге келеді. Сала мамандары үнемі ізденіс үстіндеміз.

Елімізде онколо¬гиядық ауру¬ды емдеудің жаңа¬ша әдіс-тәсілі көптеп енгізілуде. Қа¬зір саланың ба¬ғыты кеңейді. Онко¬ло¬гияға қа¬тысты нақты генети¬калық зерт¬теулер, ғылыми жаңа¬лық¬тар бар. Тікелей қатерлі ісікті ем¬дей¬тін дәрі-дәрмектер табы¬лып жа¬тыр. Салада хирургиямен қо¬са ғы-лымды қатар алып жүр¬ген про¬фессор-дәрігерлер ха¬лық¬ара¬лық ұйымдармен берік байланыс орнат¬қан.

Қатерлі ісік ағзаның бар¬лық ресурсын өзіне бұрып, өзі¬не-өзі жаңадан тамыр жасап алады. Өздігінен ферменттер шығарады. Мұндайда радиологтер сіңіруші тамырдың жолын бөгеп, дәрі салып қояды.