Енді банкте бірнеше кредиті барлар да автонесие ала алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шарттарды өзегертеді. Қаулы қабылданса, банктер несие жүктемесінің коэффициентіне қарамайды. Тек кейінгі алты айдағы банкке берешегіңіздің төлемдерін тексереді.

Барлығы талапқа сай болса көлік кепілге қойылып, қарыз алушыға беріледі. Егер несие өтелмеген жағдайға кепілге қойылған машинаны сату арқылы қарызыңызды жабасыз, — делінген хабарламада.  Жауаптылар бұл жайт отандық автомобиль өндірісінің дамуына үлес қосады дейді. Сатылым да артатынына сенімді. Аталған өзгеріс қазір талқыланып жатыр.