Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде  футболдан Әйелдер арасындағы Ел  кубогы ойындары кубогы  басталды. Кубокты сарапқа салып жатқан 5 команда өз ара кездесулер өткізеді. Олар Шымкенттің «БИІК»командасы, Түркістанның «Томирис-Тұран» клубы,  «Ордабасы» командасы және Ақтөбе қаласының «Ақтөбе» арулары.

Алғашқы матчта  Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Қазақстанда ең көп жеңімпаз атанған «БИІК-Шымкент» командасы кездесіп шымкенттіктер 5-0 есебімен жеңіске жетті. Тұран-Томирис пен Ордабасы арасындағы кездесуде Ордабасы қыздары 2-1 есебімен жеңіп шықты. Кешегі  күні жанкүйер күткен тартысты кездесу БИІК ШЫМКЕНТ пен Ақтөбе арасында өрбіді. Еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы БИІК Шымкент биылғы жылы чемпиондыққа үміт артқан Ақтөбемен шешуші кездесу өткізді.  Ойын шымкенттік бапкер Мадияр Кембилов баптайтын алаң иелерінің шабуылымен басталды. Ойынның 17 минутында  77 Камила Кульмагамбетова керемет гол салды. Бұдан соң команданың қақапашысы Бабу қателік жіберіп  Ақтөбенің шабуылшысы Бабшуктің гол салуына жағдай жасады. Есеп 1-1. Алаң иелері өздерінің жинақылығын көрсетіп БИІК –Шымкенттің ең шебер ойыншысы Гулнар Габелия тамаша гол салып есепті есеследі. Есеп 2-1. Бұл есеспке қанағат қылмаған Ақтөбе қыздары жиі шабуылға шықты. Стандартты айып соққысын орындау кезінде тағы бір гол салуға мүмкіндік алған еді Бірақ төреші голды есепке алмады. ВАР жүйесі арқылы ойыншының ойыннан тыс қалғаны анықталды.  БИІК қыздары тағы бір гол салуға қол жеткізді.  Гулнар Габелия шеберлік танытып Қақпашы Оразбековамен жепе жек шығып айласын асырды. Есеп 3-1. Осы жеңісінен кейін БИІК командасының 6 ұпайы бар Ендігі басты қарсыласы әлі бірде бір матчында жеңіліс көрмеген Ордабасы командасының арулары болмақшы  Бұл кездесҰлы Жеңіс күні мерекесімен тұспа тұс келеді. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз.