Шымкентте дүбірлі дода.  Мегаполистегі мектеп оқушылары марафонда бақ сынасты.

Дәстүрлі эстафетаны Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Южный Қазақстан газетің ұжымы ұйымдастырып отыр. Марафонға мегаполис мектептерінен  500 ге жуық оқушы келді. Барлығыда өз білім ұясында жүйрік атанғандар.

Салтанатты шарадан кейін дүбірлі дода басталды. Спортшылар топ  топқа бөлініп өз қашықтықтарын жылдам жүгіріп өтуге тырысты. Олар жалпы саны 2,5 шақырым жолды жүгіріп өтті. Нәтижесінде қаладағы №42 мектептің оқушылары жүзден жүйрік шықты. Жарыс жолын түйіндеген 9-шы сынып оқушысы Азамат Әбдіғаниев қарсыластарынан оқ бойы озық келді.