Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мақтааралдықтармен кездесті. Жиында облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Ауданның әлеуетіне, осы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті.

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданында 2023 жылы 16 елді мекенде 2,4 млрд. теңгеге 23 жоба жүзеге асырылған. Биыл тағы 12 елді мекенде 16 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 825 млн. теңгеге 143 жоба қаржыландырылған. Бұдан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2023 жылы 365 маманға 126 млн. теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы, 92 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 476 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілген.

Облыста АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы арқылы мақтааралдық 14 мектепте толық іске қосылды. Өңір басшысы аудан әкімі мен басқарма басшыларына осы бағытта жұмысты жандандыруды жүктеді.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі
- Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Мақтаарал ауданын дамыту мәселесі назарымыздан түскен емес. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану да күн тәртібінде тұр. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет

Мақтаарал ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайып, 10 млрд. теңгеден асып отыр. Алайда негізгі капиталға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнім көлемі, өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі бойынша биылға жоспарланған көрсеткіштер толық орындалмай отыр. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде ауданның инфрақұрылымын жақсарту, газдандыру, дренаждық жүйелерді жетілдіру, шаруаларға субсидия беру және өзге де түйткілдер айтылды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды мақтааралдықтар үшін жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бақылауға алынды.