Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында 4 мамыр, яғни бүгін халыққа заңгерлік кеңес беру жоспарлануда. Оған адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар қатысады. Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Шара Mega Planet» сауда орталығының 2-қабатында сағат 17:00-де өтетінін хабарлаймыз.