Түркістан облысында тағы бір «ішімдіксіз ауыл» бар. Кейінгі үш жылда Төлеби ауданындағы елдімекенде алкогольді сусын сатылмайды. Сәйкесінше, қылмыс та тіркелмеді, - дейді полицейлер. Екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар үлгілі ауыл туралы келесі сюжетте толығырақ.

 Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында 2500-ден аса тұрғын бар. Береке-бірлігі жарасқан бұл ауылдағы дүкен сөресінен арақ-шарап таппайсыз. Өйткені ауыл тұрғындар түгелімен ішімдіктен бас тартқан.

Бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары мен қоғамдық бірлестіктер жиын өткізген. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы қылмыстың болмауына септігін тигізетіні айтылған. Бұл бастама арқылы құқық бұзушылықтың алдын алып, отбасылық  дау-жанжалдарға да жол бермей келеміз дейді, - ауыл имамы.  

Тұрғындарының бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлер де өз кезегінде игі бастамаға қолдау білдірген. Осылайша 2021 жылдан бұрын бері арақ-шарапты сатуды тоқтатқан. Жаңажолдық дүкендерде насыбай да жоқ екен.  

Ауылда кейінгі 3 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген. Оған себеп учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы екен.  Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 20-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартып, өзгелеріне тәртіп бойынша үлгі болып отыр.