Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 16 сессиясы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Сезігінші шақырылымдағы мәслихат әдеттегідей 2024-26 жылдарға арналған қала бюджеті туралы шешімге өзгеріс енгізді. Әрі қарай мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мәслихат шешімін өзгерту туралы ұсынысты қабылдады.

Шымкент қаласында 636 арендалық пәтер сатып алуға 9,6 млрд теңге, кәсіпкерлік мақсатта берілген несиелерді субсидиялауға қосымша 1 млрд.теңге, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарына байланыс жүйесін тартуға және жол салуға 1,6 млрд теңге қаржы қарастырылу ұсынылып жатыр.

 Бұл жөнінде депутаттар талқылап, сұрақтарын қойған. Бұл отырыста нақты шешім қабылданып, бекітілді. Өзге де мәселелер бойынша баяндама оқылды. 9 мамыр - Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 542 АЕК, яғни 2 миллион теңгеге дейін беруге ұсыныс жасалды. Ал еңбек, тыл ардагерлеріне 15 АЕК мөлшеріне көтеру белгіленді.

Аталған ұсыныстар қабылданды. Жиын барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков депутаттарға алғыс білдіріп, алдағы мерекемен құттықтады.

Жиында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында берілген жобалар бойынша қадағалау мәселесі де көтерілді. Қала әкімі өзінің тікелей тапсырмасымен қазір жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Кеткен қаражаттың есебі түгел алынып, бір орталықтан қадағалануы керек деді әкім.