4 жылда алауы тұтанатын Париж Олимпиадасына Шымкенттен 11 спортшы барады. Бұл Республика бойынша рекордты көрсеткіш. 11-ші лицензияны Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия Чемпионатында 2 бірдей алтын медаль иеленген  Эльжанна Таниева жеңіп алды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы арнайы баспасөз жиынында айтты. Бұдан өзге спорт саласындағы оң  өзгерістерді де баяндап берді.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Шымкенттік спортшылар 11 лицензияға қол жеткізіп, дайындық жұмыстарына кірісп кетті. Жерлесіміз Эльжанна Таниева Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия Чемпионы атанып, 2 алтын медальға қол жеткізді. Нәтижесінде 11-ші квотаны қанжығасына байлады. Ендігі міндет Парижде өтетін олимпиада ойындарында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, көк туды көкке желбірету, деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар сала жетекшісі Шымкентте салынатын жаңа стадионның құрылысы қашан басталатынын да айтты. Әзірге инвестор тарту, жерді мемлекет мұқтаждығына өткізу жұмыстары жүріп жатыр екен. Бұдан бөлек шаһар аумағында елде баламасы жоқ Паралимпидалық, сурдлимпиадалық спорт кешені салынатыны белгілі болды.

 11 лицензиямен шектелмей, алдағы уақытта грек-рим күресі, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиадаға 3 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр екен. Қазіргі уақытта, үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, басты додаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстары бекітіліп, спортшыларымыз дайындық үстінде.