Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға Әшенов Бахтияр Төлебайұлы келіп отыр.  Жиырма жылдан астам аталған салада еңбек етіп келген ол әр жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Бахтияр Әшенов 1975 жылы 22 ақпанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де, Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы және несие» мамандығын аяқтаған. 202-22 жылдары квазимемлекеттік секторда және мемлекеттік аудитор болып еңбек еткен. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрілігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Абай облысы бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.