“Қорғау” бағдарламасы арқылы қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. “Hyundai” маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды.

Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді. Ал, темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады. Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

ҰҚК ТЕРРОРИЗМДІ НАСИХАТТАДЫ ДЕГЕН 3 КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

2-3 мамырында Астана және Павлодар қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады. Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктелуде.  Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.  Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.