Шымкентте 5 күннен бері мектеп оқушылары, 70 жастан асқан зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар автобустарда тегін жүре бастады. Жаңа бастамаға қыруар қаражат бөлінген.

Үшінші мегаполисте 1 мамырдан бастап мектеп оқушылары, зейнеткерлер, жасы 70-тен асқан қариялар мен тағы бірнеше санатқа енетін тұрғындар автобуста тегін қатынай бастады. Ол үшін бюждеттен қосымша 500 млн. теңге бөлінген. Шымкентте білім басқармасының мәліметі бойынша 7 мен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары саны 259 174;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша 70 жастан асқан 91 000 зейнеткер бар; Бұған дейін жол жүру ақысына жеңілдік берілген тұлғаларға 33 млрд. теңге бөлінген. Ал жаңа шешімге сай қосымша 500 млн. теңге бөлінді» Жаңа бастама қала бюждетіне қосымша салмақ салғанына қарамастан тұрғындар тиімділігін көріп жатқанын айтады. Әсіресе бірнеше оқушы өсіріп отырған отбасыларға керемет жеңілдік болды деген үшінші мегаполистіктер игілікті істі қолға алған азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді.Мегаполисте Төлем картасы арқылы жолақы төлеу құны 70 теңгені құрайды. Ал қолма-қол болса, 100 теңге төлейсіз. Жауапты мамандар қалада қоғамдық көліктерде ақысыз қатынайтындар қатары көбейгенімен, жолақы құны өгермейтінін айтады.