7-9 мамыр еліміздегі әскери қызметкерлер үшін ерекше күндер. Мереке қарсаңында қаламыздағы Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінде салтанатты шара өтті. 

Отан қорғаушылар күні мен жеңіс мерекесіне бөлімнің сарбаздар мен сардарлары сақадай сай дайындалған. Мерекелік киім үлгісін жарастыра киген қызметкерлер алаңға сап түзеді. Сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, еліміздің әнұраны шырқалды. Соғыс ардагерлерінің құрметіне соғылған ескерткіш пен мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

Бөлім басшылары әскери қызметкерлерді мерекемен құтықтады. Алаңда абыроймен адал  қызмет еткен әскерилер марапатталды. Оларға бас қолбасшылықтың мақтау қағаздары мен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың алғыс хаттары табысталды.  Осы бөлімде тер төккен ардагерлер де марапат биігінен көрінді.

Әскери қызметкерлерге концерттік бағдарлама ұсынылды. Би тамашалап ән тыңдап жауапты қызметкерлер бір жадырап қалды. Артынан жарғыға сай отан қорғаушылар саптық қадаммен алаңды айналып, күнделікті жұмысына кірісті.