Миллионда шаһарда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арыз-атыздар арнасынан таситын-ды. Кей көшелерді су алу қаупі кездеседі. Проблеманың алдын алу үшін 2023 жылы 40-тан аса көшеге ирригация жүйесін салу жоспарланған. Ал биыл бұл проблемалар қалай шешіліп жатыр? Өзгеріс бар ма?

 Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы нысандарды зерделеу, тексеру жұмыстары жүргізілген. Депутаттар «Шымкент» каналының 2,5 шақырым болатын кесіндісін қарап шыққан. Тексеру нәтижесінде 5 кемшілік анықталыпты. Атап айтқанда, Дулати көшесінің астынан өтетін канал бекітулі тұр. Дулатиден Қонаев көшесіндегі үйлер төмен деңейде тұр. Су арнасынан асар болса, үйлерді шаю қаупі бар дейді халық қалаулылары. Дәл осындай тәуекелдері бар бірнеше мекен-жай бар.

 Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес су басу қаупінің алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер мен су арналары бақылауға алынған. Арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Жалпы, бұл жұмыстарды бір мекемеден басқару, жүргізу схемасы бар. «ҚазСуШар» серіктестігі үйлестіріп отырады.

Жауын-шашын кезінде шаһардағы су басу қаупі бар аймақтардың осал тұстарын анықтап, қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қосымша су арнасын салуды жоспарға енгізу мәселесі де қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа ирригациялық жүйелерді салу үшін бөлінген қаражатты әр ауданнан алып, бір орталыққа, яғни жайлы ортаны дамыту басқармасына беру көзделіп отыр.