«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Өткен жетіде «Өнегелі ұрпақ» атауымен жастар қарттар үйінің маңайын тазалап, қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған еді. Бүгін міне, науқанның соңғы, «Мөлдір бұлақ» деп аталатын бесінші аптасы басталды. Бұл жетіде қаза тұрғындары мен белсенділер су қоймаларының айналасы тазартып, өзен-көлдер қоқыстан арашаламақ. Игілікті бастамаға жергілікті данагөй қариялар ризашылығын білдіріп отыр.

Акцияға еліміздің барлық өңірлері қатысып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өтуде. Өткен айдың 20 күнінде 1 млннан аса адам қатысып, 5 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Акцияның аты айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу.

«Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөз енді іске айналуы тиіс. Астананың өзінде ғана бір млн астам жасыл желек, ал жасыл белдеу аймағында 200 мың түп көшет отырғызылады. Жалпы «Таза Қазақстан» апталығы бұл бірнеше тақырыптық шараларды қамтиды.Бұл жеті «Мөлдір Бұлақ» тақырыбымен өтіп, тұрғындар өзен-көл жағасы тазартылады.

Акмаль Юсуходжаев, Шымкент қаласының тұрғыны
- Біз баршамыз сенбілікке қатысуымыз міндетті.Қала тазалығына біркісідей атсалысып қоргаған ортаны аялайық. Алғашқылардың бірі болып өздеріңіз көріп тұрғандай тазалық акциясына белсене атсалысудамыз.

Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. Өз бастамасына қолдау білдірген Президенттің өзі астаналықтармен бірге тал егіп, акцияға үндеу қосқан-ды. Сондықтан бұл шарадан шет қалмауымыз керек,-дейді шымкенттіктер.