Шымкент қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жергілікті халыққа заңгерлік кеңестер беру шарасын өткізді. Мега планет сауда орталығында өткен жиынға адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты- тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Мұнда кез-келген мәселе бойынша қажетті сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Маңызды бастама қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін үнемі айтып келеді. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Ең бастысы заңның үстемдігін қамтамсыз ету керек, азаматтардың құқықтық сауаттылығын ашу қажет дейді сала мамандары.