1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. Аталған құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Тарих беттерін қайта парақтап, өткен мен бүгінді саралаған бір топ ғалымдар мен оқытушылар, студенттер Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Республика күнін атап өтті.


 Іс-шараны аталған университеттің тарих және құқық кафедрасы мен тәрбие бөлімі ұйымдастырып отыр. Салтанатты шараға профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер және студенттер қатысты. Одан бөлек, қоғамдық бірлестік өкілдері де шақыртылған. ҚР «Қарулы күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының төрағасы Серікбай Оңбаев қатысып, Республика күнінің тарихын баяндады.


СЕРІКБАЙ ОҢБАЕВ - ҚР «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 ---Таңертеңнен халықтар достығы университетінде жеке құраммен әрі мұғалімдермен ұстаздармен, студенттермен кездесу болып өтті. Кездесу жоғары деңгейде өткізілген. Өздерінің өнерлерін көрсетті барлық саланың азаматтары. Әрі бүгінгі мынау Республика күнінде қысқаша тарихын атап өттік. Шолу жасадық. Биыл 2022 жылданбері тойлап жатрымыз Республика күнін. Сондықтан барлықтарын Шымкент қаласының ардагерлер кодициясының атынан бүкіл халықты Республика күұніме н шын жүректен құттықтаймыз.

 

Мерекелік жиында тарих және құқық кафедрасы мен тәрбие бөлімі ұйымдастырды. Іс-шарада білім рдасының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталып, алғыс хат табыс етілді.


ҚАНАТБЕК КЕМЕЛБЕКОВ – ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ

Міне тәрбие бөлімінің қоштауымен екі бөлім қанша адамды шақырып, ондағы басты мақсатымыз өскелең ұрпаққа куә ретінде көрсету ғой. Қаншама ағаларымыз келді көненің көзін көрген. Олар біра-ақ сөзбен жеткізді. Себебі Қазақстан тарихы көнеденбастау алатындығы. Сондықтан өткенді ұмытпай болашаққа қадам бастай алмаймыз. Қандай заманда өмір сұрсек те үшнәрсені алып жүруіміз керек. Откен шағымызды, осы дағымызды болар шағымыз қазақ еліміз. Ол, елуліктің санатында болу.


 Мерекелік жиында білім ордасының өнерлі жастары ән мен күй күмбірлетіп, мың бұралған бишілер көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.