Қаратау ауданында инфрақұрылымнан бөлек халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар баршылық. Биылдың өзінде 1 спорт алаңшасы мен 10 аула жаңартылады. Ал, жеке секторда 2 спорт алаңшасы мен 23 балалар ойын алаңы салынады деп жоспарланып отыр.
Ауданда көпқабатты аулалар ғана емес шалғай елді мекендер де қарыштап дамып келеді. Қаратаудағы 18 елді мекенде 36 спорт алаңшасы бар. Аймақтарда 29 балалар ойын алаңдары орнатылған. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады.
РАҚЫМБЕРДІ МҮЛКЕМАНОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жыл жоспарда екі алаңша мен 23 балалар алаңшасын салуға жоспарға енгізіп отырмыз. Сайрамда 7 Қызылсуда 3 алаңша салынатын болады.
Жиынға келген тұрғындар әкімге мәселерін алға тартып, сауалдарын жолдады. Сайрам тұрғын алабында кейбір күре жолдар жөнделіп жатыр. Сондықтан қоғамдық және жүк көліктері ауыл көшелерін аралап өтуде. Красный пресня көшесінің тұрғындары ауыр көліктер асфальтымызды құртып бітетін болды деп, шағымданды.
ЫРЫСАЙ ҚОШАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Красный пресня көшесінде үлкен мәшинелер көп жүріп жатыр. Былтыр асфальты туралап еді қазір қайтадан быт шыты шығып кетті. Не тратуарымыз жоқ. Әулие әмбилер жатыр соларға халық көп келеді.
РАҚЫМБЕРДІ МҮЛКЕМАНОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазірде жүрген автобусты переезден өткен кезде қиналып қалады. Транспорт басқармасы осында отыр жолдар біткесін дұрыс бағытқа қоямыз.
Осы жылы ауданда көшелерді жарықтандыру көрсеткіші жоғарылайды. Биыл 351 көшені жарықтандыру жоспарға қойылған. Сондай-ақ, жолдарды жөндеу жұмыстары да басты назарда. 2025 жылы аудан аумағында жалпы 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып тұр. Cонымен бірге, “Сайрам” тұрғын алабында 4,5 км жолға тротуар салынатын болады. 16 орынға арық салу жұмыстары да жүргізіледі.