Негізгі Жаңалықтар МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ

Қазақстанның Халық әртісі, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы да мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Өнер иесі қаладағы №11 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол мұндай маңызды сәтте әр азаматтың белсенділік танытуы қажет екенін айтады.

Қаладағы №11 сайлау учаскесінде 2 261 сайлаушы тіркелген. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, тұрғындардың дауыс беруге келуі белсенді. Саяси науқаннан елге танымал өнер қайраткерлері де шет қалған жоқ. Солардың бірі - опера әншісі Майра Мұхамедқызы. Қалалық опера және балет театрының директоры ретінде де еңбек етіп жүрген өнер иесі ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық таңдауын жасады.

 МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің елімізде Қазақстанда үлкен саяси науқан. Еліміздің азаматтары үшін де бұл маңызды кезең деп ойлаймын.Ел ертеңін ойлайтын кез-келген адам өз дауысын беріп, саяси науқанға атсалысуы керек.Мен де бүгін өз таңдауымды жасадым.


Бөлісу