Негізгі Жаңалықтар №50 УЧАСКЕДЕГІ ДАУЫС БЕРУ БАРЫСЫ

№50 УЧАСКЕДЕГІ ДАУЫС БЕРУ БАРЫСЫ

№50 УЧАСКЕДЕГІ ДАУЫС БЕРУ БАРЫСЫ

Шымкентте мәслихат депутаттарын сайлау жалғасуда. Таңғы сағат 7-ден бастап қала тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – №50 сайлау учаскесі. Мұнда дауыс беру процесі белгіленген уақытта басталып, алғашқы сағаттардан-ақ сайлаушылар легі байқалды. Учаскедегі ахуалды тілшіміз бағамдап қайтты.


№50 сайлау учаскесінде жұмыс таңғы сағат 7-де басталды. Учаскелік комиссияның мәліметінше, бұл аумақта 1891 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге келгендердің арасында аға буын өкілдерімен қатар, алғаш рет таңдау жасап жатқан жастар да бар. Тұрғындар сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі деп санайды.


Ал дауыс беру барысын тәуелсіз бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері қадағалап отыр. Учаскелік комиссия төрағасының мәліметінше, сайлау процесі қалыпты жағдайда жүріп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін заңбұзушылықтар тіркелмеген.


№50 сайлау учаскесінде дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін арнайы жылжымалы жәшіктер қарастырылған. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер саналып, қорытындысы шығарылады.

Бөлісу