Негізгі Жаңалықтар ДӘРІГЕРЛЕР ЖИ-ДІ БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНАДЫ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖИ-ДІ БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНАДЫ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖИ-ДІ БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНАДЫ

Жасанды интеллект медицина саласына тың серпін берді. Енді ол дәрігерлерге қауіпті ауруларды ерте анықтауға, медициналық кескіндерді талдауға және диагноз қоюға қажетті уақытты үнемдеуге көмектеседі. Қазақстанда бұл технологияны қолданатын медициналық ұйымдардың қатары артып келеді.


Жасанды интеллект – дәрігердің көмекшісі. Бүгінде еліміздегі 700-ден астам медициналық ұйым осындай технологияға негізделген оннан астам шешімді пайдаланады. Соның бірі – инсультті жедел диагностикалауға арналған CerebraAI жүйесі. Ол компьютерлік томография суреттерін талдап, бас миындағы зақымдану белгілерін анықтауға көмектеседі. Қазір бұл технология Астана қаласы мен Ақмола, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау және Жетісу облыстарындағы 17 инсульт орталығында қолданылады. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бері жүйе инсультке күдік болған 23,5 мыңнан астам пациенттің тексеру нәтижесін талдаған. Инсульт кезінде уақытпен санасуға тура келеді. Диагноз неғұрлым ерте қойылса, емді соғұрлым жылдам бастауға мүмкіндік бар. Ал бұл ауыр асқынулар мен мүгедектік қаупін азайтуға ықпал етеді.



Бөлісу