Негізгі Жаңалықтар ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?

Жасанды интеллект білім мен ғылымға қандай пайда әкеледі? Ақылды көмекші ғылыми жаңалық ашып, адамзат игілігіне қызмет ете ала ма? Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде халықаралық конференция ұйымдастырылып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері талқыланды.


 Жасанды интеллект қажетті ақпаратты жылдам ұсынып, жұмыс барысын жеңілдетеді. Алайда оның пайдасымен қатар зияны да бар. Мәселен, кейбір студенттер берілген тапсырмаларды жасанды интеллектінің көмегімен орындап, өз бетінше ізденуге құлықсыздық танытады. Дегенмен, оқу орны өкілдерінің айтуынша, мұндай жұмысты анықтауға мүмкіндік беретін арнайы жүйелер бар.


ТАЛЖАН РАЙЫМБЕРДИЕВ, АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХДУ ПРОФЕССОРЫ
Бізде антиплагиат деген бар. Жасанды интеллекттің бәрі тексеріледі. Сондықтан біз диплом тақырыптарын алған студенттерге айтамыз: Қуанбаңыздар, жасанды интеллектпен жазған кезде кемінде 2 пайыз болса, сіздің дипломыңыз қанағаттанарлық деген ұсыныс ала алмайды.


Университетте студенттерге заманауи технологияларды меңгертумен қатар, ұлттық құндылықтар мен тұлғалық тәрбиеге де басымдық беріледі. Биыл оқу орнының барлық білім беру бағдарламасына «Қуатбековтану» пәні енгізілді. Оқытушылардың айтуынша, бұл пән жастардың өзіндік көзқарасын қалыптастырып, болашақ мамандығына бағыт-бағдар беруге ықпал етеді.


 ҰЛБОСЫН ҚАЙЫРБЕКОВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Біз Қуатбеков тану деген пәнді барлық білім беру бағдарламасына университте осы 2026-2027 жылдан бастап енгіздік. Оны енгізуіміздің себебі - әрбір жас өзінің әлемін өзі жасап үйренсе дейміз. Әрбір қазақ баласы өзінен кейінгі жастарға үлгі - өнеге болатындай артында алиқалы ісін қалдырса деген мақсат.


Пленарлық отырыста жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен ғылымдағы маңызы сараланды. Баяндамашылар озық технологияларды жетік меңгерген білікті мамандар даярлау мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ студенттермен пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді.


Бөлісу