Негізгі Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ СӘНГЕ ЖАҢА СЕРПІН

ҰЛТТЫҚ СӘНГЕ ЖАҢА СЕРПІН

ҰЛТТЫҚ СӘНГЕ ЖАҢА СЕРПІН

Ұлттық нақыштағы киім – ұлт болмысының көрінісі. Бүгінде ою-өрнекпен көмкерілген заманауи үлгілер күнделікті сәнге де еніп келеді. Шымкентте Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ұлттық киім дизайнерлерінің «Жібек жолы айшықтары» атты республикалық көрме-байқауы ұйымдастырылды. Мұнда дәстүр мен заманауи сән үйлесім тапқан тың топтамалар көпшілік назарына ұсынылды.


Биыл байқаудың ауқымы кеңейген. Бұған дейін қала көлемінде ұйымдастырылып келген шара алғаш рет республикалық деңгейге көтерілді. Сән додасына Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Шымкенттен келген дизайнерлер қатысып, өз туындыларын таныстыруда.


АЗАМАТ АЙТБАЕВ, «КОНЦЕРТТІК-КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ» ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл жерде біз республикадағы дизайнерлерді насихаттай отырып ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып отырмыз. Бұл шараны Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіп отырмыз.


Сән шеруінде үш бағыттағы үздік топтамалар сарапқа салынып жатыр. Олар – балалар мен жасөспірімдер киімі, күнделікті және жұмыс киімі, сондай-ақ жас жұбайларға арналған үлгілер. Қатысушылар қатарында жас дизайнерлермен бірге ұлттық киімді насихаттап жүрген аға буын өкілдері де бар.


 АЛЬБИНА БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, «ЖІБЕК ЖОЛЫ АЙШЫҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
 Мен Альбинамын мен мода көрсетуге келдім.


БЕЙБІТ ТОЛБАЙҚЫЗЫ, «ЖІБЕК ЖОЛЫ АЙШЫҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
Мен екі топтамаға қатысамын. Керімсал тобы мен мадам Айсұлуға. Заманауи әжелер киімін насихаттаймын.


Байқаудың басты ерекшелігі – ұлттық киімді тек сахналық немесе мерекелік сән ретінде емес, күнделікті қолданысқа лайықтап ұсыну. Қатысушылар дәстүрлі ою-өрнектерді заманауи үлгілермен үйлестіріп, ұлттық нақыштың жаңа қырын көрсетуде. Бұл – төл мәдениетті бүгінгі сән тілімен сөйлетудің бір жолы.


ГҮЛШАТ ЖАҚАНҚЫЗЫ, «ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл киімдер біздің қоғамға өте қажет. 19-шы ғасырдағы киім үлгілерін қазіргі заманға сәйкестендіріп кию қисынға келмейді десекте Төл арнаменттерімізді күнделікті киімге сәкестендіру сәнге айналдыру мақсат.


 Әр номинация бойынша бас жүлде мен үш жүлделі орын қарастырылған. Үздіктерді ұлттық киім, сән және мәдениет саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Осылайша, «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киімнің қадірін арттырып қана қоймай, отандық дизайнерлердің шығармашылығына да жаңа серпін берді.

Бөлісу