Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАР ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙДЫ

ЖАСТАР ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙДЫ

Есірткіге қарсылық - жарқын болашаққа жасалған таңдау. Түркістанда жас буынның зиянды әдеттерге көзқарасын шығармашылық арқылы жеткізген байқау өтті. «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» атты сайыста оқушылар мен студенттер өз ойларын шығарма арқылы өрнектеп, салауатты өмірдің маңызын қағаз бетіне түсірді.


34 үміткер, бір ортақ ұстаным - есірткісіз қоғам! 12 мен 17 жас аралығындағы қатысушылар денсаулық, қауіпсіз өмір, жарқын болашақ және дұрыс таңдау тақырыптарын арқау етті. Әр шығармада жас авторлардың азаматтық көзқарасы мен өмірге деген өзіндік пайымы көрініс тапты.


 АРУНА ИСА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Қазіргі болып жатқан мен есірткісіз өмірді қалаймын» атты шығарма қазір таңда Қазақстанда болып жатқан өзекті тақырыптардың бірі. Неге? Негізі есірткісіз өмір мектеп кезден басталады. Ол қазіргі жастарды үгіттейтін нәрсе емес.


 Шығармалардың мазмұны мен ерекшелігіне қазылар алқасы баға берді. Олар жас авторлардың ізденісіне назар аударып қана қоймай, туындылардың шынайылығы мен қоғамдық маңызын да саралады. Әсіресе дайын үлгіні қайталаудан гөрі, автордың өзіндік ойы мен тың көзқарасы басты назарда болды.


БЕКАРЫС ШОЙБЕКОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, «АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ
 Бұл шығарма не береді жастарға? деген мәселеге көңіл қойдық. Бірнеше жақсы шығармалар бар ішінде. Жастардың ізденістерін байқадық. Бірақ екінші жағынан бір-бірін қайталаған шығармалар да бар. Қазіргі дамыған заманда жасанды интелектіні пайдаланған шығармалар да бар. Барлығы бірден көзге көрініп тұрды. Біз соның барлығын асылым мен жасыған дегендей салыстырып ішінен осы шығарманың қоғамға пайдасы бар-ау деген тындыларды ғана таңдап алып соларға ғана жүлде беругетырыстық.


Байқау жеңімпаздары бірнеше номинация бойынша марапатталды. Жас қаламгерлердің шығармалары – олардың есірткісіз қоғамды қалайтынын ғана емес, осы мәселеге бейжай қарамайтынын да аңғартады. Өйткені жарқын болашақ бүгінгі таңдаудан басталады.

Бөлісу