Негізгі Жаңалықтар ШЕНГЕН ВИЗАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАЙТЫН ПУНКТ АШЫЛДЫ

ШЕНГЕН ВИЗАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАЙТЫН ПУНКТ АШЫЛДЫ

Францияға бару енді оңтүстік өңір тұрғындары үшін қолжетімді бола түсті. Шымкентте осы елге Шенген визасын рәсімдеуге арналған уақытша құжат қабылдау пункті ашылды. Енді азаматтар өтініш тапсыру және биометриялық мәліметтерін өткізу үшін Астана мен Алматыға бармайды. Бұл туристік және іскерлік сапарларды жоспарлауды жеңілдетеді.


Жаңа пункт Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің келісімі негізінде жұмыс істейді. Құжат қабылдау мен биометриялық мәліметтерді жинау VFS Global визалық операторының мобильді жүйесі арқылы жүзеге асады.


 БЕКСҰЛТАН ӘДІЛХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Қала тұрғындары оңтүстік өңірдің тұрғындары үшін өте тиімді. Себебі бұрын тұрғындар виза алу үшін Алматы, Астанаға барған болса, қазір осы визаны тікелей Шымкент қаласына тапсырып алуға мүмкіндік туды. Қала тұрғындары үшін еуропа еліне, оның ішінде Францияға бару өте ыңғайлы, өте тиімді.


Шымкенттегі жаңа қызметті пайдалануға ниеттілердің бірі – Гауһар Төребекова. Ол жақын күндері Францияға сапар шегуді жоспарлап отыр. Қазір қажетті құжаттарын әзірлеп, өтініш беру тәртібімен танысуда.


ГАУҺАР ТӨРЕБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен енді тапсырайын деп жатырмын. Құжаттарды дайындапжатырмын. Сол үшін келдім. Кесе қалай жұмыс жасайтынын, қашан тапсыруға болатынын осындай ақпарат білу үшін өзім келіп отырмын.  Жастарға да олар саяхатты жақсы көреді ғой. Жасы келген пенсионерлерге өте қызық деп ойлаймын. Әлемда осы тернд туризм. Басқа мемлекетті көріп, басқа мемлекеттің өнерімен мәдениетімен танысу. Біздің Шымкент үшін бұл өте жақсы жаңалық деп ойлаймын.


Визалық пункт күн сайын емес, арнайы көшпелі сессиялар кестесі бойынша жұмыс істейді. Сұраныс төмен кезеңде айына бір рет, ал наурыз бен шілде аралығындағы туристік маусымда екі рет құжат қабылдау жоспарланған.


СИЛЬВАН ГИОГЕ, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
Қызмет тұрақты негізде көрсетіледі. Алайда құжат тапсыруға арналған қабылдау күндері мен бос уақыттар алдын ала белгіленіп, VFS Global сайтында жарияланады. Сондықтан өтініш берушілер қабылдауға алдын ала жазылуы керек. France-Visas платформасында өтініш толтырған кезде құжат тапсыратын орын ретінде Астананы таңдау қажет. Ал қабылдауға жазылғанда Шымкенттегі уақытша пунктке арналған арнайы уақыт аралықтарын белгілеу керек.


 Жаңа пункттің ашылуы оңтүстік өңір тұрғындарының визалық қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді. Енді Францияға сапар жоспарлаған азаматтар құжат тапсыру үшін өзге қалаға баруға уақыт пен қаражат жұмсамайды. Бұл - Шымкенттің халықаралық байланысын кеңейтіп, туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалардың бірі.


Бөлісу