Негізгі Жаңалықтар ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Бүгін еліміздің барлық өңірінде бірыңғай «Қызмет алушылар күні» өтті. Шымкентте бұл жолғы кездесу тұрғын үй мәселелеріне арналды. Себебі баспанаға қатысты сауалдар – халық жиі жүгінетін тақырыптардың бірі. Қала тұрғындары жауапты мамандардан тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үй сертификатын алу және өзге де мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алды.

Мұндай консультативтік кездесулерді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тоқсан сайын ұйымдастырады. Бұған дейін кәсіпкерлік, салық режимі және денсаулық сақтау салалары қамтылса, бұл жолы басымдық тұрғын үй мәселелеріне берілді. 20 қарашада өткен шараға еліміздің барлық өңірі бір мезетте қатысты.

АРДАҚ ҚАНСЕЙІТ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ережелерді түсіндіріп қана қоймай олардың практикалық қолдану жүйесін терең түсіндіру. Іс шараның мақсаты халықпен тиімді тығыз жұмыс жасау. Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Кездесуге келген тұрғындар салалық мекеме өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойды. Әсіресе тұрғын үй саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен заңнамадағы өзгерістерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

СҰЛУПАН ӘБІЛДАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгін Тұрғын үй басқармасыгна сұрақтарыммен келген едім. Лифт мәселесі жүргізілетін жұмыстар мәселесі бойынша. Сұрақтарыма толық жауап алдым.

Биылғы жылдың тоғыз айында Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы 1789 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Ал қаладағы жергілікті атқарушы органдар жалпы саны 200-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Оның 90 пайызы электронды форматта жүзеге асырылады.



Бөлісу