Негізгі Жаңалықтар ТҰҒЫРЛЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

ТҰҒЫРЛЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Отбасы тәрбиесі – ұрпақ болашағының берік негізі. Түркістан қаласында «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Ашық диалог барысында отбасы институтының қоғамдағы орны, ата-ана жауапкершілігі мен бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі сөз болды.


 Тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынастан басталады. Осыны негізге алған Түркістан облыстық Аналар кеңесі жастармен еркін пікір алмасу алаңын құрды. Кездесуде сыйластық, өзара қолдау, шаңырақтағы жауапкершілік пен ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орнына ерекше назар аударылды.


 ГҮЛСАРА ТОҚҚҰЛОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Дүниеге келдің ба адамсыңба сен тұлғасың. Тұлғаның қалыптасуы мектептен коллежден университеттен емес, отбасынан басталады.  Отбасы деген ол үлкен мемлекет. Оның сыртқы және ішкі саясаты болады. Ішкі саясаты бірін-бірі құрметтеу. Бір-біріне қарау, көмектесу. Ер азамат ол үйдің қорғаны. Баланың да ананың да арқа сүйетіні ер азамат.


Жиында отбасы тәрбиесі тақырыптық бейнеролик арқылы да тарқатылды. Көрсетілімде ата-ана мен бала арасындағы құрмет, ұлттық салт-дәстүр және ізгі қарым-қатынастың маңызы көрініс тапты. Одан кейін студенттер көргендері мен түйгендерін ортаға салып, өз ойларын бөлісті.


АҚНҰР БАЗАРБАЙ, СТУДЕНТ
Саналы ұрпақ жобасы бізде жастарды  адалдыққа әділдікке тәрбиелейтін маңызды жоба. Жоба арқасында елімізде әділдік орнайды. Және әрдайым жастарды адалдыққа қарай жетеледйді. Әр-бір жастарға адалдықпен өмір сріп дастары артымыздан еріп жүрген іні сіңілілерімізді адал болуға тәрбиелеу.


ШАПИҒА ӘБДІҚАЛЫҚ, СТУДЕНТ
Әр-бір адамзаттың рухани дамуына кітап үлескер болады. Осындай іс-шараларды біз үшін ең маңызды әсіресе студенттер, мектеп оқушылар, балабақшалар. Бүгінгі жиналыста мен өзіміздің жастардың құндылықтарын және де салт – дәстүрлерді дәріптеу бойынша ой түйдім.


 Пікір алмасу барысында жастар отбасы құндылықтарымен қатар, адалдық, әділдік, рухани тәрбие мен кітап оқудың маңызына тоқталды. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы ойларын ортаға салды.


Бөлісу