ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНІП ЖҮР
Шымкентте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілетін шыңдауға арналған жаңа жоба қолға алынды. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты мен Shymkent Creative Hub ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Келісім аясында орталықта «Креативті бейсенбі» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жеткіншектер әр апта сайын қолөнердің жаңа қырын меңгереді.
Шеберханаларда балалар зергерлік бұйымдар жасауды, қыш өнерін, сурет салуды және сәндік-қолданбалы өнерді үйренеді. Бүгінгі сабақтың бағыты - ұлттық кілем тоқу өнері. Қатысушылар жіптің қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен алғашқы бұйымдарын тоқып жатыр.
КАМИЛА АБДУСАМАТҚЫЗЫ, КІЛЕМ ТОҚУШЫ
Бүгін креатив хабта біз балдарға кілем тоқуды үйретіп жатырмыз. Оған жастармызы қызығушылық білдіріп жатыр. Біздің қазақша кілем тоқу өнеріміз ата-бабадагн келе жатқан өнер. Сондықтан балаларғы қызық болғанына мен қуанып отырмын. Өйткені жіпті ұстап кілем тоқу өнерін енді бастап үйреніп қуанып жатқанынан маған көңіліме қонды. Осылай жастарымызды кілем тоқуға үйретеміз. Өйткені біз кілем өнерін ұрпаққа жалғастыру керекпіз.
Қазақтың дәстүрлі қолөнерін меңгеру балалар үшін жаңа тәжірибе ғана емес, өз қабілетін тануға да мүмкіндік. Жоба аясындағы сабақтар олардың шығармашылық ізденісін дамытып, қоғаммен араласуына жол ашады.
ГАУҺАР ШЫРЫНҚҰЛҚЫЗЫ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Әр бейсенбі күні осы жерге келіп мастер клас өткізеді. Креативті хаб. Әр бейсенбіде әр түрлі сабақ өтеді. Өткенде біз жүннен жұмыс жасасақ, бүгін кілемнің сабағын өтіп жатырмз. Жібін қалай иіреді, қалай тоқиды. Соның барлығын қазір үйретуін өтіп жатырмыз. Бүгін он бала келді. Еңбек сабағының оқушылары. Мектепте 220 оқушы бар. Біздің балаларғы мұндай мастер кластар өткізу өте қажет. Себебі бұлар өмірге бейімделу керек. Осындай дүние жасауға болады жүннен, жіптен депоксидный смоламен жасадық. Сондай нәрселерді өз қолымен жасап өмірге бейімделіп сатуға болады. Материал алуға болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық сабақтар балалардың қол моторикасын дамытып, көркемдік талғамы мен өзіне деген сенімін арттырады. Ең бастысы, олар өз қолымен бұйым жасап, оны күнделікті өмірде қолдануды, тіпті кәсіпке айналдыруды үйренеді. «Креативті бейсенбі» кездесулері алдағы уақытта да жалғасын таппақ.