Негізгі Жаңалықтар ЕЛДЕ АВТОКӨЛІК САНЫ 6 МИЛЛИОННАН АСТЫ

ЕЛДЕ АВТОКӨЛІК САНЫ 6 МИЛЛИОННАН АСТЫ

Елімізде тіркелген автокөлік саны 6 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросы Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйене отырып, отандық автопарктің жаңартылған көрсеткіштерін жариялады.


 Биыл қазан айының өзінде республика бойынша 172 мың көлік құралы есепке қойылған. Жаңадан тіркелгендердің басым бөлігі жеңіл автомобильдерге тиесілі . Бұдан бөлек, есепті кезеңде 9,9 мың жүк көлігі, 4,6 мың тіркеме, 1,3 мың автобус, 800 мотоцикл және 1,8 мың өзге де техника рәсімделген. Отын түріне келсек, қазақстандық жүргізушілердің басым бөлігі әлі де жанармай қолданады. Ел бойынша дизель отынын тұтынатындар 7,5 пайызды, ал газбен жүретін көліктер 0,4 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ елімізде экологиялық таза көліктер қатары да біртіндеп артып келеді. Бүгінде ресми тіркелген электромобильдер саны 43 мыңнан асты.

Бөлісу