Негізгі Жаңалықтар «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда «Сақшы» жобасының жеңімпаздары марапатталды. «Конгресс холл» кешенінде интерактивті ойын мен әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қолға алынған бастама жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

 Жоба ауқымы кең. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бастамаға 500 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылған. Жастар интернет алаяқтығының алдын алу, қаржылық қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау бағытында білімдерін жетілдірді. Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров те қатысып, жас буынға сәттілік тіледі.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өмірде түрлі қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Бірақ соларға мойымай алға ұмтылу маңызды. Сондықтан кедергіге мойымай алға ұмтылу керексіздер.

Байқау қорытындысы бойынша төрт санатта 12 жүлдегер анықталды. Оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Ал әлеуметтік бейнероликтерді әзірлеуге атсалысқан 150 оқушы арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Солардың бірі интернет алаяқтығы тақырыбын арқау еткен.

МҰХАМЕДҚАНАПИЯ РҮСТЕМҰЛЫ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ
Қаржылық мониторинг бойынша интернет алаяқтық жайлы түсірдік.

Жастардың қызығушылығын тудырған жоба енді республикалық деңгейде жалғасын таппақ. Қазір оны ауқымын кеңейтіп, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысына енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.



Бөлісу