Негізгі Жаңалықтар КҮЗГІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

КҮЗГІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында күзгі көгалдандыру науқаны басталды. Алғашқы ауқымды жұмыс Түркістан қаласындағы әуежай жолының бойында қолға алынды. Мұнда бір күнде 22 жарым мың түп ағаш отырғызылды. Игі бастамаға облыс әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдірді.


Жасыл желек қатарын тұт, жиде, өрік, алша және қарағаш көшеттері толықтырды. Нақтырақ айтқанда, 7 мың 500 түп тұт, 6 мың 250 түп жиде, 5 мың түп өрік пен алша, 3 мың 750 түп қарағаш егілді. Ал әуежай жолының бойына барлығы 87 жарым мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.


Мемлекет басшысының республика бойынша 15 миллион көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында 1,5 миллион түп ағаш егу көзделген. Биыл өңірде 1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Оның 332 жарым мыңы көктемде егілді. Енді күзгі науқанда 700 мыңға жуық көшет отырғызылмақ. Қазіргі таңда аудан-қалаларға 195 мың түп көшет жеткізілген.


Көгалдандыру жұмыстары өңірдегі 807 елді мекенді қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес елді мекендердің 90 пайызға жуығын жасыл желекпен қамту көзделген. Жалпы облыс аумағында 4 миллионға жуық көшет отырғызу жоспарланып отыр.



Бөлісу