Негізгі Жаңалықтар КӨКПАР ТУРНИРІ

КӨКПАР ТУРНИРІ

Шымкентте ұлттық спорттың мерейін асқақтатқан дүбірлі дода. Қалада белгілі азамат Шәмшидин Жарқынбекұлының 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық көкпар турнирі өтіп жатыр. Еліміздің әр өңірінен жиналған шабандоздар командалық бәсекеде бақ сынауда. Толығырақ тілші тарқатады.

Ат үстіндегі айқас, тартысты тартыс, жеңіске деген жігер. Республикалық турнирге еліміздің бірнеше өңірінен келген көкпар командалары қатысуда. Басты мақсат - ұлттық ат спортының мәртебесін көтеріп, көкпар дәстүрін кеңінен дәріптеу және жас ұрпақтың ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру.

 ЖҰЛДЫЗХАН ТАЙЫРБЕКОВ, КӨКПАРДАН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
Командалық жарыс өте керемет өтуде. Келген командаларға сәттілік Біраз облыстан командалар келмей қалды Жетісудан бір команда келді. Шымкенттен бір команда қойдық.

Екі күнге жоспарланған жарыста командалар өзара мықтыны анықтайды. Турнирді тамашалауға мерейтой иесінің шәкірттері де келді. Олар ұлағатты ұстаздың ұлттық спортты дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті.

БОЛАТ ҚЫРЫҚБАЕВ, ШӘМШИДИН ЖАРҚЫНБЕКҰЛЫНЫҢ ШӘКІРТІ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Қазір білесіздер ұлттық ойындар олимпиядалық сполртқа теңестірілген. Командалық көкпардың дәрежесін көтеру керекпіз. Шәмші ағамыздың өзі көкпарды жақсы көретін. Осындай турнир дәстүрлі жарысқа айналып отыр.

Жеңімпаздарды қомақты жүлде қоры күтіп тұр. Бас жүлдеге 5 миллион теңге тігілген. Екінші орын иегерлері 2 миллион 500 мың теңге, ал үшінші орын алған команда 1 миллион теңге иеленеді. Бұдан бөлек, үздік шабандоздарға арнайы номинациялар бойынша қаржылай сыйақы қарастырылған.



Бөлісу