Негізгі Жаңалықтар КӨЛЕҢКЕДЕГІ ҚАУІП: БУЛЛИНГТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

КӨЛЕҢКЕДЕГІ ҚАУІП: БУЛЛИНГТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Адамды ұрып-соқпай-ақ, психологиялық қысым арқылы күйретуге болады. Мұны буллинг, сталкинг деп атайды. Былтыр Президент бұл қатерге назар аударып, Үкімет қылмыстық заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес, кісіні аңдып, бопсалағандар не басқа да жолмен қысым көрсеткендер көлемді айыппұл арқалайды. Тіпті қылмыс құрамына қарай 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қауіптің қалай алдын алуға болады? Сізді біреу аңдып, SMS арқылы қысым көрсетсе, не істеу керек? Алдағы бейнематериалда.

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт те бір кездері буллингке ұшыраған. Әлдекім оған психологиялық соққы жасап, өмірін меншіктеуге тырысқан. Қысым құрсауынан босаған ол кітап жазып, сталкингпен күрес жолын баяндаған. Былтыр қабылданған қылмыстық заң жобасына да бастамашы болған.

ДАНА НҰРЖІГІТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ, ЖУРНАЛИСТ
– «Кітаптың соңында дәлелді, өзін қорғауды неден бастау керек, соның нақты алгоритмдері берілген. Бірінші… Екінші… Үшінші деп тұрып тізіп жазылған. Өйткені сталкингті дәлелдеу өте қиын. Ол бір сәтте болатын қылмыс емес.» «Апта, ай, жылдар бойы жалғасатын қудалау.» «Айтуға қорқады. Айтса да, көп адам сенбейді. Сондықтан да осы заңның қабылдануына бастамашылардың бірі болдым.»

Талшын Бақтиярқызы кітапты бір деммен оқып шыққан. Ондағы мәселені ой елегінен өткізіп, достарымен талқылаған. Психологиялық қысымның қылмыстық қауіп екенін түсініп, одан қорғану жолдарын үйренген.

 ТАЛШЫН САПАР, СТУДЕНТ
 «Дана Нұржігітпен кездесу бала күнгі арманым еді.»  «Осы кісінің «Дара жол» бағдарламасын көріп өстік.» «Кітапты оқу арқылы сталкингтен қорғану жолдарын меңгердім.»

Өзбекәлі Жәнібеков университетінде өткен кездесуде автордың туындысы таныстырылып, тұсауы кесілді. Зиялы қауым мен оқу орнының ұжымы пікір білдіріп, студенттер сауал жолдады. Дана Нұржігіт оқырманмен байланыс орнатып, сүбелі сұхбат құрды.


Бөлісу