Негізгі Жаңалықтар ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жол, мектеп, спорт нысандары, интернет сапасы. Бәйдібек ауданы тұрғындарын толғандырған мәселелер облыс әкімінің жеке қабылдауында көтерілді. Нұралхан Көшеров азаматтардың өтініштерін тыңдап, бірқатар мәселелердің шешілу жолдарын қарастырды.

Қабылдауда тұрғындар елді мекендерде жаңа мектептер мен спорт нысандарын салу, аудандық және ауылішілік жолдарды жөндеу, кеңейту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу, суармалы алқаптарға қол жеткізу, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй және әлеуметтік көмек алу мәселелері де назарға алынды. Бірқатар өтініш бойынша сол жерде шешім қабылданды. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жауапты сала басшыларына жолданып, тиісті тапсырмалар берілді. Облыс әкімі әрбір өтініштің назардан тыс қалмайтынын және көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.


Бөлісу