Негізгі Жаңалықтар «БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ӘЛЕМ»

«БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ӘЛЕМ»

Түркістанда «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жиын барысында этносаралық татулықты нығайту мен мәдени әралуандықты дәріптеу мәселелері талқыланып, бірқатар белсенділер марапатталды. Шараға өңір басшылығы мен университет өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері қатысып, әлеуметтік жобалар бойынша тәжірибе алмасты. Соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.


 Бейбітшілік пен келісім тұрақты дамудың басты кепілі. Түркістан төрінде ұйымдастырылған «Бәрімізге ортақ әлем» іс-шарасы осы құндылықты тағы бір мәрте айшықтай түсті. «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында қолға алынған жиын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға, өзара сыйластықты арттыруға бағытталып отыр.


ЖАНАР БЕКТАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біз әр халықтың әнін тыңдап, биін тамашалап ұлттық тамағынан дәм татып жүрміз. Міне, бұл мәдениетті танудың әдемі үлгісі. Бірақ халықтар достығытек сахнада, өнер көрмесінде ғана емес күнделікті өмірден тіршілікті тұтастай достық бейнесінде теңет түсен деп айтамыз. Әр-бір этномәдени бірлестік өз ұлтының мұрасын сақтап келеді. Өз өмір сүріп отырған өңірдің дамуына үлес қосатын қоғамдық ортаға айналуы тиіс.


Басқосу барысында өңірдегі этномәдени орталықтардың көрмесі ұйымдастырылып, әр ұлттың өзіне тән өнері мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Кездесудің көркемдік жалғасы ретінде «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің жеңімпаздары өнер көрсетіп, ән мен би арқылы достықты, мәдени үндестік пен ортақ Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеді.

 ЕДІЛ ТӨЛЕГЕНОВ, ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ВИЦЕ-РЕКТОРЫ
Тарихымызда қалыптасқан осы бір кезеңдерде қазіргі таңда осы айталық әлем елдері арасында мақстанышпен айтатын кезіміз болады. Қазақстанда жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп датыр. Әрине бұл кез келген мемлекеттің енемесе кез келген халықтың қолынан келе бермейтін іс. Кеңпейілділік, кең дастархандық және қазақи пейіл керек. Сондықтан да қазақтың кеңпейілділігі, кең дастархандылығы осыншама ұлтты өзінің бауырына басып, бір адамның баласындай өмір сүріп келе жатыр.


Жиында өңірдегі этносаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар алғыс хатпен марапатталып, «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалінің жеңімпаздарына арнайы дипломдар табысталды. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласып, өнерпаздар түрлі халықтардың ән-биін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Бөлісу